Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қазақстан Қытаймен бірлесіп мал шаруашылығы зертханасын құрады

Қазақстан Қытаймен бірлесіп мал шаруашылығы зертханасын құрады

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты, Қытайлық Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының мал шаруашылығы Академиясы және Қазақстанның «Жібек Жолы» коммерциялық-инвестициялық компаниясы ЖШС-і «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде бірлескен жайылымдық мал шаруашылығы зертханасын құруды жоспарлап отыр.

Тиісті келісім бірлескен технологиялық әзірлемелерді, тәжірбие алмасуды, тренингтер арқылы кадрлар даярлауды, техникалық оқытуды және практикаға ғылыми жетістіктерді енгізуді көздейді.

Тараптар теңдік және өзара тиімділік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, ғылыми зерттеулер, технологиялық инновациялар және мал шаруашылығы саласында кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті.

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

03 наурыз 2025 ж. 249 0