Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Демалыс күндері ауа райы қандай болады? – Синоптиктер болжамы

Демалыс күндері ауа райы қандай болады? – Синоптиктер болжамы

5-7 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігі жоғары атмосфералық қысымның ықпалында болады. Осыған байланысты негізінен құрғақ және аздаған бұлтты ауа райы күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде найзағай мен желдің күшеюімен қатар жүретін қысқамерзімді жаңбыр жаууы ықтимал.

Барлық өңірде жазғы мезгілдегідей жылы ауа райы орнайды. Шығыста, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнде ауа температурасы салқын күйінде сақталады.

Өңірлерде температура қандай болады?
  • Батыста, солтүстікте және орталықта – +25–33°C;
  • Шығыста – +20–25°C;
  • Оңтүстікте – +28–37°C;
  • Оңтүстік-шығыста – +20–30°C;
  • Оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында – +10–20°C.
Ең ыстық ауа райы елдің оңтүстігінде күтіледі. Мұнда ауа +37°C дейін қызады. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарының жекелеген аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшеюі мүмкін.

Фото:BAQ.KZ.архиві/Бауыржан Жуасбаев


04 қыркүйек 2026 ж. 1 054 0