Бүгін – Қазақы тазы күні
Биылдан бастап 3 қыркүйек елімізде Қазақы тазы күні ретінде аталып өтеді. Үкіметтің тиісті қаулысы 28 сәуірден бастап күшіне енді.Қазақы тазы – халқымыздың жеті қазынасының бірі. Шапшаңдығы, қырағылығы және аңшылық қабілетімен ерекшеленетін бұл асыл тұқымның қазақ халқы үшін орны ерекше.









