Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Астана мен Санкт-Петербург арасында тікелей рейстер қайта іске қосылады

Астана мен Санкт-Петербург арасында тікелей рейстер қайта іске қосылады

"Россия" әуе компаниясы Астана мен Санкт-Петербург арасында тікелей рейстердің қайта іске қосылатынын хабарлады,деп хабарлайды Sputnik.kz

Тұрақты рейстер 3 маусымнан бастап орындалады.

"Рейстер екі класты конфигурациядағы Airbus A319 әуе кемелерімен (эконом және бизнес) жүзеге асырылады", - деп жазылған елорда әуежайының хабарламасында.


Жазғы кестеге сәйкес, рейстер аптасына үш рет орындалады:

Астанадан — дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері,
Санкт-Петербургтен — сейсенбі, жұма және жексенбі күндері.


Әуе компаниясының мәліметінше, бұл бағыт жолаушылар арасында сұранысқа ие болып, Астана мен Санкт-Петербург арасындағы туристік және іскерлік ағынның артуына ықпал етеді.


04 мамыр 2026 ж. 47 0