Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда ер адам электросамокаттан құлап, қаза тапты

Алматыда ер адам электросамокаттан құлап, қаза тапты

Алматыда 44 жастағы ер адам электрсамокаттан құлап, көз жұмды. Қайғылы оқиға түнде Варламов көшесінде, Төле би даңғылы маңында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, 44 жастағы Алматы тұрғыны электрсамокатпен келе жатып, басқаруды игере алмай, бордюрге соғылып, құлап, ауыр жарақат алған.
«Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері дереу жетті. Көрсетілген медициналық көмекке және реанимациялық шараларға қарамастан, зардап шегушінің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», деп мәлімдеді полиция.

Полиция өкілдері атап өткендей, шлем мен қорғаныс құралдары адамның өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Бір мезеттік құлау ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, сондықтан қауіпсіздік шараларын елемеуге болмайды.
Айта кетейік, 25 тамыздан бастап елімізде электросамокатпен тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолымен жүруге заңмен тыйым салынды. Электросамокат пайдаланушылары велосипед жолдарымен және веложолақтармен жүре алады.


30 тамыз 2026 ж. 51 0