Жерлесіміз халықаралық турнирде жеңіске жетті
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қызылордалық талантты спортшы Абылайхан Жұбаназарды "Фейсбук" әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жеңісімен құттықтады.
"Швейцарияның Лозанна қаласында дзюдодан өткен халықаралық Grand Slam турнирінде қызылордалық талантты спортшы Абылайхан Жұбаназар 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, алтыннан алқа тақты.
Әлемнің ең үздік спортшылары жиналған дүбірлі додада Абылайхан алты кездесу өткізіп, барлық қарсыласынан басым түсті.
Ал шешуші кезеңде өзбекстандық Арслонбек Тожиевпен кездесіп, жеңіске жетті.
Бұл – Сыр өңірінің ғана емес, күллі қазақ елінің мерейін асқақтатқан, жанкүйерлерге шын қуаныш сыйлаған айтулы жеңіс.
Алдағы уақытта да Сыр спортшылары халықаралық бәсекелерде көк Туымызды желбірете берсін!
Жеңіс құтты болсын, Сыр елі", – делінген жазбада.











