Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жазушы Жұмабай Жақып дауыс берді

Жазушы Жұмабай Жақып дауыс берді

Арал ауданындағы №44 сайлау учаскесінде жазушы, журналист, «Арал әлемі» газетінің құрылтайшысы Жұмабай Жақып дауыс берді.

Өңірдің қоғамдық және мәдени өміріне белсенді араласып, журналистика мен әдебиет саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан қаламгер үшін сайлауға қатысу азаматтық ұстанымын білдірудің маңызды көрінісі.
Жұмабай Жақып сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Ол әр азаматтың ел болашағына қатысты маңызды қоғамдық үдерістерге белсенді араласуы қажет екенін атап өтті.
– Әр азамат өзінің таңдауын жасап, елдің болашағына қатысты азаматтық ұстанымын білдіруі керек. Мен де өз азаматтық құқығымды пайдаланып, дауыс беруге келдім. Ең басты құндылық елдің бірлігі мен тұрақтылығы. Қоғамда әр адамның пікірі, еңбегі және жауапкершілігі маңызды. Аралдың болашағына сеніммен қараймын. Туған жердің дамуына еңбек етіп жүрген азаматтар көп. Біздің міндетіміз жақсы бастамаларды қолдап, елдің жетістігін насихаттап, кейінгі ұрпаққа өнеге қалдыру, - деді қаламгер.
23 тамыз 2026 ж. 65 0