Өнерпаздар сайлау учаскелерінде халыққа көңіл-күй сыйлауда
Елімізде өтіп жатқан Құрылтай сайлауы күні сайлау учаскелерінде мәдени шаралар ұйымдастырылуда. Аудан өнерпаздары дауыс беруге келген тұрғындарға арнап ән шырқап, ұлттық өнерді насихаттайтын шағын концерттік бағдарламаларын ұсынды.Өнерпаздардың орындауындағы әсем әндер тұрғындардың ыстық ықыласына бөленіп, сайлау күнінің мазмұнын толықтыра түсті.
Мұндай мәдени шаралар тұрғындардың қоғамдық белсенділігін арттырып, елдік мәні бар маңызды күннің мазмұнын байыта түсуде.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі










