Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас сайлаушылар клубының бастамасымен автокөлік волонтерлігі ұйымдастырылды

Жас сайлаушылар клубының бастамасымен автокөлік волонтерлігі ұйымдастырылды

Сырдария ауданында Жас сайлаушылар клубының бастамасымен дауыс беруге келетін азаматтарға қолдау көрсету мақсатында автокөлік волонтерлігі ұйымдастырылды.
Автоволонтерлер сайлау учаскесіне өздігінен келе алмайтын немесе жол жүруде қиындықтарға тап болған азаматтарға көмек көрсетіп, олардың дауыс беру мүмкіндігін қамтамасыз етуге атсалысуда.
Игі бастама жастардың азаматтық белсенділігін арттырып қана қоймай, қоғамға қызмет етудің және өзара қолдаудың жарқын үлгісін көрсетуде.
Жастардың осындай қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуы жауапкершілік пен ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымның көрінісі.
23 тамыз 2026 ж. 68 0