Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде

Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде

Бүгін елімізде өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлау күні Сырдария ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жергілікті жерде өндірілген өнімдер тұрғындарға нарықтағы бағадан төмен әрі қолжетімді бағамен ұсынылуда. Іс-шара барысында тұрғындар қажетті азық-түлік өнімдерін сатып алып қана қоймай, ауыл еңбеккерлерінің еңбегімен танысып, жергілікті шаруалардың өнімдеріне оң бағаларын берді. Мұндай жәрмеңкелер тұрғындардың әлеуметтік жағдайын ескеріп, сапалы өнімнің қолжетімділігін арттыруға және жергілікті өндірісті дамытуға оң ықпал етеді.

Осындай игі бастамалар ел бірлігін нығайтып, халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған жұмыстардың жарқын көрінісі болды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
23 тамыз 2026 ж. 58 0