Дәрігерлер өз таңдауын жасады
Аудан медицинасының мамандары Құрылтай сайлауында белсенділік танытып, сайлау учаскелеріне келіп, өз дауыстарын беруде. Дәрігерлер мен медицина саласының қызметкерлері ел болашағы үшін маңызды саяси науқанға жауапкершілікпен қатысуда.Медицина қызметкерлері азаматтық борышын орындап, Құрылтай сайлауында өз таңдауларын жасады. Олардың айтуынша, әрбір азаматтың дауысы – елдің қоғамдық-саяси дамуына қосылған маңызды үлес.
Сала мамандарының сайлауға белсенді қатысуы азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі. Ақ халатты абзал жандар өз таңдауларын жасап, Құрылтай сайлауына өз үлестерін қосты.











