Дәрігерлер ұжымы сайлауда белсенділік танытты
Нағи Ілиясов ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның ұжымы Құрылтай сайлауына қатысып, өз азаматтық таңдауларын жасады. Медицина қызметкерлері ел болашағына бейжай қарамай, саяси науқанға ұйымшылдықпен атсалысты.Дәрігерлер әрбір дауыс елдің дамуына ықпал ететін маңызды қадам екенін атап өтіп, қоғамның өркендеуі әр азаматтың белсенділігіне байланысты екенін жеткізді.
Осылайша амбулатория ұжымы өздерінің азаматтық жауапкершілігін көрсетіп, маңызды саяси үдерістен шет қалмай, ел ертеңіне үлес қосты.










