Кітап – рухани қазына
Сырдария ауданындағы сайлау учаскелерінде сайлаушылар назарына арнайы кітап көрмелері ұсынылды. Аудандық орталық кітапхана мамандары ұйымдастырған көрмеде түрлі тақырыптағы әдебиеттер қойылып, оқырман қауымға кітаптар кеңінен насихатталуда.Кітапхана қызметкерлері сайлау учаскесіне келген тұрғындарға көрмедегі кітаптармен таныстырып, олардың мазмұны мен маңызы туралы ақпарат беруде. Рухани құндылықтарды дәріптеген көрме көпшілікке кітап оқудың маңызын тағы бір мәрте танытты.
Мұндай мәдени-танымдық шаралар сайлау барысымен қатар, тұрғындардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, рухани орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.










