Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрылтай сайлауында комиссия мүшелері ұлттық киіммен қызмет етуде

Құрылтай сайлауында комиссия мүшелері ұлттық киіммен қызмет етуде

Қызылорда қаласындағы №390 сайлау учаскесінде комиссия мүшелері дауыс берушілерге ұлттық киіммен қызмет көрсетуде.

Еліміздегі маңызды саяси науқан – Құрылтай сайлауы күні таңғы сағат 07:00-де басталды.

Ұлттық киім кию арқылы комиссия мүшелері қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптеп, дауыс берушілерге ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлауды мақсат еткен.

Дауыс беру күні өңірде ұлттық киіммен келіп дауыс берген сайлаушылар да аз емес.
23 тамыз 2026 ж. 47 0