Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ХҚКО-да «Әділет кеңес береді» акциясы өтті

ХҚКО-да «Әділет кеңес береді» акциясы өтті

Бүгін №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында «Әділет кеңес береді» акциясы өтіп, облыс тұрғындары нотариус, жеке сот орындаушысы және Әділет департаментінің мамандарынан бір жерде құқықтық кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Іс-шараны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалы облыстық Әділет департаментімен бірлесіп ұйымдастырды.

Акция барысында тұрғындар құжаттарды рәсімдеу, нотариаттық әрекеттер, атқарушылық іс жүргізу және өзге де құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңестер алды. Азаматтарды облыстық Әділет департаментінің өкілдері, нотариус және жеке сот орындаушылары қабылдады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалының директоры Аида Абибуллаеваның айтуынша, мұндай іс-шаралар мемлекеттік органдар арасындағы тиімді ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болып табылады.

«Мемлекеттік органдардың тығыз өзара іс-қимылы азаматтарға көрсетілетін қызметтер мен құқықтық көмектің қолжетімділігін арттырады. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде тұрғындар бірнеше маманнан бір жерде кеңес алып, уақытын үнемдеп, туындаған мәселелерін жедел шеше алады», – деді Аида Ибрагимқызы.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалында мұндай бірлескен акциялар тұрақты түрде өткізілетінін атап өтті. Негізгі мақсат – мемлекеттік қызметтер мен қажетті құқықтық кеңестерді азаматтарға барынша қолжетімді әрі ыңғайлы ету.

29 шілде 2026 ж. 56 0