Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жүк және жолаушылар тасымалының көлемі артты

Қазақстанда жүк және жолаушылар тасымалының көлемі артты

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда барлық көлік түрімен 979,4 млн жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5% артық. Осы кезеңде жолаушылар айналымы 5,1% өсіп, 45,3 млрд жолаушы-километрді құрады.

Жолаушылар тасымалының негізгі үлесі дәстүрлі түрде автомобиль көлігіне тиесілі болды. Автомобиль көлігімен 962,7 млн жолаушы тасымалданды.

Алты ай ішінде теміржол көлігінің қызметін – 9,2 млн, әуе көлігін – 7,4 млн, теңіз көлігін – 14 мың жолаушы пайдаланған.

Жолаушылар тасымалынан түскен кәсіпорындардың кірісі 0,8 млрд теңгені құрады.


Толығырақ оқу (https://stat.gov.kz/.../aza-standa-zh-k-zh-ne.../)
23 шілде 2026 ж. 136 0