Конституция
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық домбыра күні құтты болсын!

Ұлттық домбыра күні құтты болсын!

Қазақстанда шілде айының алғашқы жексенбісінде Ұлттық домбыра күні атап өтіледі.

Күмбірлеген үні жүрекке жол тауып, Ұлы даланың кеңдігі мен асқар таулардың айбынын, ата-бабаларымыздың даналығы мен қазақ халқының асқақ рухын жеткізетін домбыра – халқымыздың баға жетпес ұлттық мұрасы. Халқымыз домбыраны әрдайым қастерлеп, төріне іліп, ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп келеді. Бұл мереке мәдени мұрамызды, ұлттық құндылықтарымыз бен рухани байлығымызды көздің қарашығындай сақтаудың маңызын айқындап, барша қазақстандықтарды бірлік пен ортақ құндылықтар төңірегіне топтастырады.

Мереке құтты болсын! Домбыраның күмбірлеген қоңыр үні әрбір шаңыраққа береке мен шаттық сыйлап, жаңа жетістіктерге жігерлендіре берсін!

05 шілде 2026 ж. 228 0