Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 24 газет

04 сәуір 2026 ж.

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Өркен алған өндіріс: зауыт құрылысы басталды

Өркен алған өндіріс: зауыт құрылысы басталды


Өңірімізде өндіріс орындарының ашылуы – экономиканы нығайтудың маңызды қадамдарының бірі. Жос­парлы жоба іске қосылған сәтте жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың әл-ауқаты артады. Сонымен қатар бұл – әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі. Осындай ауқымды жоба Сырдария ауданында бастау алды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ауданға арнайы келіп, жүгері дақылын терең өңдеу зауытының іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Жиынға мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері және ел ағалары, ардагерлер арнайы қатысты.

Аймақ басшысы жиналған жұрт­шы­лықты жаңа жобаның басталуымен құттықтап, агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

– Президентіміз айқындап берген экономиканы әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі страте­гиялық міндеттер аясында аймағымызда нақты істерді кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеміз. Өткен жылы тамыз айында Жетісу өңіріне арнайы жұмыс сапарымен барып, еліміздегі ірі өндіріс орындарының бірі – «Жаркент крахмал-сірне зауытымен» жан-жақты таныстық. Келіссөздер нәтижесінде серіктестіктің қол­дауымен облысымызда жүгері да­қылын терең өңдейтін жаңа зауыт салу жөнінде маңызды келісімге қол жетті. Бүгін аймағымыз, оның ішінде Сырдария ауданының тұрғындары үшін аса маңызды, тарихи сәттің куәсі болуға жиналдық. Жылына 150 мың тонна жүгері дақылын терең өңдейтін, 40 млрд теңгенің жаңа өндіріс орнының іргетасы қалануда. Зауыт заманауи талаптарға сай жоғары сапалы технологиялармен жабдықталып, 550 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Биылдан бастап жүгері егісі 15 мың гектарға дейін ұлғайтылады. Бұл көрсеткіш жыл сайын артып, өңіріміздің аграрлық әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Терең өңдеуге бағытталған жүгері өндірісін қолға алған шаруаларға мемлекет тарапынан қаржылай көмек көрсетіледі. Маңызды жобаны жүзеге асыруға бастамашы болып, зор үлес қосқан инвесторларға тағы да шынайы алғысымды, зор ризашылығымды білдіремін. Зауыт құрылысының сәтті аяқталуына, жаңа нысанның ел игілігіне қызмет етуіне тілектеспін, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Бұл жоба – тек бір нысанның салынуы ғана емес, тұтас өңірдің дамуына серпін беретін үлкен мүмкіндік. Ауданымызда салынып жатқан зауыт – болашаққа жасалған инвестиция. Мұндай ірі жобалар ел экономикасын жандандырып қана қоймай, халықтың өмір сапасын арттыруға да зор үлес қосады. Осындай игі іске тілекші болған мемлекет және қоғам қайраткері Бекмырза Еламанов рәсімде сөз сөйлеп, батасын берді.

Айта кетейік, Ұлттық цифрлық платформа бойынша «Қызылорда крахмал-сірне зауыты» серіктестігінің «Жүгері дақылын терең өңдеу зауытын салу» жобасының құны 40 млрд теңгені құрайды. Аймақ басшысының қолдауымен жүзеге асатын жоба аясында инвестор бірінші кезеңде кептіру қондырғысын орнатады. Қазіргі таңда арнайы жер дайындалып, құрылыс жұмыстары басталды. Жоба іске асқанда бес жүзден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ

04 сәуір 2026 ж. 44 0