Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Тіршілік тынысы» газетінің ұжымы жаңа Ата Заң жобасын талқылады

«Тіршілік тынысы» газетінің ұжымы жаңа Ата Заң жобасын талқылады

Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің ұжымы жаңа Ата Заң жобасын талқылады. Аудандық газеттің бас редакторы, аумақтық коалиция мүшесі Аружан Мұханбетқали Конституция жобасында өзгеріске ұшыраған баптарға тоқталып, ел болашағы үшін жасалып жатқан ауқымды жобаның өміршеңдегін айтып өтті.

– Мемле­кетіміздің бас­ты құжаты 80 па­йызға жуық жаңартылғалы тұр. Жаңа Конституция жобасы – ел­дегі саяси жаңғырулардың заң­ды әрі кезең-кезеңімен жү­зе­­­ге асып келе жатқан ре­фор­­малардың жалғасы. Бұл құжат мемлекеттілікті нығай­тып қана қоймай, билік пен қоғам арасындағы өзара жа­уап­­кершілікті күшейтеді, аза­мат­тардың шешім қабылдау үде­рі­сіне белсенді араласуына жол ашады. Негізгі құндылық – адам және оның құқықтары мен бос­тандықтары. Бұл ретте, тұрғындар өз таңдауын жасай алады, – деді А.Мұханбетқали.

Жаңа Конституция жобасы жергілікті жерлердегі аумақтарды дамыту арқылы тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға, инфрақұрылымды жаңартуға және әлеуметтік-экономикалық қолжетімділікті арттыруға бағытталғаны жөнінде басылым ұжымына кеңінен мәлімет берілді. Қаламгерлер Ата Заң жобасына байланысты ойларын ортаға салды.

10 наурыз 2026 ж. 47 0