Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » «Отбасы құндылықтары және Конституция» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Отбасы құндылықтары және Конституция» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Отбасы орталығында «Отбасы құндылықтары және Конституция» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара мақсаты – отбасы институтының қоғамдағы стратегиялық маңызын кеңінен талқылау, ҚР Конституциясында бекітілген отбасы, ана, әке және баланы қорғау жөніндегі нормалар мен қағидаттарды түсіндіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ отбасы тәрбиесі арқылы азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету.

Келелі жиында қалалық мәслихат депутаты, заң ғылымдарының кандидаты М.Қылышбайқызы және саясаттанушы, тарих ғылымдарының магистрі, зерттеуші-педагог Э.Нұрпейісова сөз сөйлеп, конституциялық реформаға қатысты кәсіби тұжырымдарын ортаға салды. Қызылорда медициналық жоғары колледж студенттерінің қатысуымен өткен шара барысында белсенді пікір алмасу орын алып, референдумның маңызы кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға қатысу әрбір азаматтың ел болашағына деген саналы көзқарасының көрінісі екені атап өтіліп, қоғам өкілдері жаңа Конституцияны қолдауға шақырды.
20 ақпан 2026 ж. 501 0