Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақта мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін қолдау күшейтілуде

Аймақта мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін қолдау күшейтілуде

Өңірде мүгедектігі бар адамдарға сапалы әлеуметтік көмек көрсету басты назарда. Қазіргі таңда облыс бойынша 34 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Оларды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 35 454 техникалық оңалту құралымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов мәлімдеді.

- 2023-2027 жылдарға арналған бекітілген жоспарға сәйкес, 2025 жылы облыс көлемінде 360 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толықтай бейімделді. Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету мақсатында 67 автокөлік инватакси бағытында жұмыс істеуде. Жыл басынан бері бұл қызметпен 2000 адам қамтылған. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Қызылорда қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Инклюзивті спорт орталығының заманауи ғимараты 2026 жылдың қаңтар айында пайдалануға берілді. Орталықта волейбол, күрес залдары және жалпы дене дайындығына арналған жаттығу алаңдары қарастырылған. Мұнда бір мезетте 131 адам тұрақты түрде спортпен шұғылдана алады. Сондай-ақ «Үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы аясында 142 балаға оңалту құралдарын пайдалану бойынша оқыту жүргізілуде. 2024 жылдан бері облыстағы барлық санаттағы мүгедектігі бар азаматтарға Республика күні қарсаңында облыстық бюджет есебінен 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді. Сонымен қатар, «Қандас» республикалық деректер қорының мәліметіне сәйкес, 2025 жылы 14 адамға қандас мәртебесі беріліп, 3 адамның мәртебесі ұзартылды. Биыл шетел жұмыс күшін тартуға 598 бірлік квота бөлінді. Қазіргі таңда облыста 38 бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Онда 9108 қазақстандық маман еңбек етуде. 2025 жылға бөлінген 10 мың еңбекші көшіп келушілер квотасы толық орындалып, жергілікті бюджетке салық түсімдері қамтамасыз етілді,- деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.


Қызылорда облсының Өңірлік коммуникациялар қызметі

05 ақпан 2026 ж. 45 0