Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Облыстық перинаталдық орталығы заманауи ультрадыбыстық аппаратпен толықты

Облыстық перинаталдық орталығы заманауи ультрадыбыстық аппаратпен толықты

Облыстық перинаталдық орталығына жергілікті бюджет есебінен құны 146,5 млн. теңгені құрайтын, қосымша жабдықтарымен бірге заманауи “Voluson Signature 20” ультрадыбыстық диагностикалық медициналық жүйесі сатып алынды.

GE HealthCare (АҚШ) халықаралық компаниясының өндірісіндегі бұл жоғары технологиялы аппарат акушерлік және гинекологиялық бағытта қолдануға арналған. Жүйе жасанды интеллектке негізделген автоматтандырылған өлшеу және талдау функцияларымен, жоғары дәлдіктегі 2D, 3D/4D бейнелеу мүмкіндіктерімен жабдықталған. “Voluson Signature 20” жүктілік барысын бақылауда, ұрықтың дамуындағы патологияларды ерте кезеңде анықтауда, сондай-ақ әйелдер денсаулығын диагностикалауда медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

18 қаңтар 2026 ж. 359 0