Аймақ басшысы мәжіліс депутатымен кездесті
«Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасында» стратегиялық мақсаттар белгіленген. Мемлекет басшысы Үкімет пен облыс әкімдеріне шаруашылықты өркендетуге берілетін субсидияларды, басқа да қаржылай қолдауларды тиімді әрі мақсатты пайдалануды тапсырды. Біздің басты міндетіміз – ауыл халқының табысын, өмір сүру сапасын арттыру. Біздің аймақ тұрғындарының 53 пайызы ауылда тұрады. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында арнайы әдістеме бекітілгені белгілі. Ол бойынша 59 тірек, 43 спутник елді мекен бар. 2022-2024 жылдары 78 ауылда 31 млрд. 600 млн. теңгеден астам қаржыға 343 әлеуметтік, инженерлік- инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды», – деді аймақ басшысы.
Кездесуде Қазыбек Иса «Ақ жол» партиясының алдағы кезеңге арналған жоспарына тоқталды. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы бастамалар, атқарылған жұмыстар туралы ой-пікірін бөлісті.
Айта кетейік, өңірде 7 саяси партияның филиалы жұмыс істейді. Филиалдарда 81 мыңнан астам азамат тіркелген.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі









