Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әскери-патриоттық жұмыс бойынша республикалық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Әскери-патриоттық жұмыс бойынша республикалық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Кариннің қатысуымен жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режимде қатысты.

Өңірде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, азаматтарды әскери қызметке шақыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Облыс әкімдігінің «Әскери- патриоттық тәрбиелеу бойынша аумақтық үйлестіру кеңесін құру және ережесін бекіту туралы» қаулысы бекітілді. Барлық деңгейдегі жастар ресурстық орталықтары жанында «Жас сарбаз» қозғалысы бар, 3 мың жас облыстық қозғалыстың мүшелігіне тіркелген.

Биыл «Жас сарбаз» қозғалысы білім беру ұйымдарында 70-тен аса патриоттық шара өткізіп, оған 10 мыңға жуық жасөспірім қамтылды. Әскерге шығарып салу, ардагерлермен кездесу, «Ерлік сабағы», «Біртұтас ел – біртұтас жер» шаралары тұрақты өткізіліп келеді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
26 желтоқсан 2025 ж. 512 0