Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел дамуы мен өркендеуі, кемел келешегі жастарға тікелей байланысты

Ел дамуы мен өркендеуі, кемел келешегі жастарға тікелей байланысты


Ал, олардың жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау – біздің ортақ міндетіміз. Сондықтан, жастарға тәрбие беру ісінде әскери-патриоттық шаралар мен спорттық жұмыстардың алар орны ерекше.

Жастардың бойында отаншылдық, патриоттық сезімдерін ояту, әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру мақсатында аймақта Х әскери-патриоттық жастар жиынына 8 команда қатысуда.

Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов жиынның ашылу рәсімінде жас сарбаздықтарға шынайы лебізін білдіре отырып, республикалық жиында Сыр елінің намысын қорғайтын қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Қарулы күштер ардагерлері» республикалық бірлестігінің төрағасы, ардагер Мыңділдә Ршауов, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің орынбасары, подполковник Алмат Жакипов, Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Бектұр Қали, Қызылорда облысы Төтенше жағдай департаментінің ардагері Ғани Байменов, ҚР ҰҚК ШҚ Қызылорда облысы бойынша департаментінің ардагері Асан Худояров, ҚР ҰҚК ШҚ Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұрбек Абдиракинов өңіріміздің жас сарбаздарына жарқын жетістік тілей отырып, құттықтау арнады.


Әскери-спорттық және әскери-қолданбалы 8 спорт түрлері бойынша жарыстың облыстық іріктеу турында 120 жас сарбаздықтар өнер көрсетті. Жүлделі орын иеленген командалар медаль, кубок, қаржылай сыйақымен марапатталды. Жарысқа қатысушылар арасынан ең жоғары балл жинап, үздік танылған сарбаздар бір командаға іріктеліп ағымдағы жылдың маусым айындағы Алматы қаласында өтетін Республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиына қатысады.
06 мамыр 2024 ж. 74 0