Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл – Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды, – делінген құттықтауда.
Еске салайық, бұған дейін World Boxing халықаралық ұйымы аты аңызға айналған қазақстандық боксшы
Геннадий Головкиннің ұйымның жаңа президенті болатынын ресми түрде жариялағанын жазған болатынбыз.