Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№76 газет

06 қазан 2026 ж.

№75 газет

03 қазан 2026 ж.

№74 газет

29 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » «Қала келбеті: Қызылорда»атты жеке көрме өтті

«Қала келбеті: Қызылорда»атты жеке көрме өтті

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы – С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясының ұйымдастыруымен Сыр өңірінің бас қаласы Қызылорданың Қазақ АКСР-інің астанасы болып жарияланғанына 100 жыл толуына орай ерекше көрме өтті.  Kyzylorda-news.kz

Атаулы дата аясында суретші Ерлен Дарханның «Қала келбеті: Қызылорда» атты жеке көрмесі көрермен назарына ұсынылды. Онда суретшінің қолымен жасалған қала ғимараттарының көркем макеттері қойылып, Қызылорданың сәулеттік және мәдени бейнесі паш етілді.

Көрменің ашылу рәсімін Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Жанат Ахметова жүргізіп, қала тарихын ұлықтаудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараға мәдениет және білім саласының қызметкерлері, өнер иелері, студенттер мен автордың туыстары қатысты.

Көрменің басты мақсаты – Қызылорда қаласының тарихи келбетін сақтау, мәдени және сәулеттік мұрасын ұрпақ санасында жаңғырту, сондай-ақ туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру болып табылады.
13 қараша 2025 ж. 257 0