Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек нарығын дамыту және мерзімді әскери қызметке шақыру мәселелері талқыланды

Еңбек нарығын дамыту және мерзімді әскери қызметке шақыру мәселелері талқыланды

Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Диас Молдабаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының 2024–2029 жылдарға арналған еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасын іске асыру барысы мен мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жөнінде жиналыс өтті. Kyzylorda-news.kz 

Жиынға ауыл әкімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жауапты сала мамандары қатысты.
Мәжіліс барысында күн тәртібіндегі жастар практикасын кеңейту, әлеуметтік жұмыс орындарының тиімділігін арттыру, «Бастау Бизнес» жобасы арқылы оқытылған азаматтарды жұмыспен қамту, бос және жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар әскери қызметке шақыру науқаны мен жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы да назарға алынды. 

Әрбір қызметтің маңыздылығына тоқталған Диас Молдабаев халықты сапалы жұмыспен қамту бағытындағы жүйелі жұмыс тұрақты жүргізілуі қажеттігін атап өтті.

Жиын соңында ауыл әкімдері мен жауапты мамандарға көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету және жұмыспен қамту шараларын күшейту бойынша тапсырмалар берілді.
10 қараша 2025 ж. 277 0