Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Шілде айында ауа райы қандай болады

Шілде айында ауа райы қандай болады


Мамандар шілде айының ыстық болатынын айтуда.


Айдың басында Батыс Қазақстанда күн ыстық болса, басқа аймақта жауын жауып, жел соғады.

Солтүстік облыстарда ауа температурасы+28+35°С, оңтүстік өңірлерде +35+43°С төңірегінде болады.

Шілденің екінші онкүндігінің басында күн жауын шашынды болады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында орташа ауа температурасы климаттық нормадан 1…2°С жоғары болса, басқа аймақтарда нормаға жуық болмақ.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Түркістан облыстарында жауын-шашынның айлық мөлшері климаттық нормадан аз болады.

Ауа райының өзгеруіне байланысты болжамға өзгерістер енуі мүмкін.
30 маусым 2018 ж. 1 356 0