Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «Таза Қазақстан»: аймақта 13 мың түп тал егілді

«Таза Қазақстан»: аймақта 13 мың түп тал егілді

Күз айының жайма-шуақ күндерінде аймақ тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясы аясында тал егу жұмысын белсенді жүргізді. Өткен сенбіде облыс орталығында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен қайта жаңғыртудан өткен Қорқыт ата саябағында ағаш көшеттері егілді.

Экологиялық акцияға ҚР Пар­ла­менті Сенатының депутаттары, зия­лы қауым өкілдері, ел ағалары және қала тұрғындары келді.
«Қорқыт ата» кітабының 1300 жыл­­дығына арнап орнатылған ес­керт­кіш маңындағы саябақ ел игілігіне 2002 жылы берілген. Бүгінде толық жаңарып, тұрғындардың демалысына, серуендеуіне, балалардың ой­науы­на қолайлы орынға айналған сая­бақ қаланы келбетімен көркейтіп тұр. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық эколо­гиялық акциясы аясында өңірдің барлық елді мекенінде оның ішінде біздің ауданда да жаппай сенбілік, тал егу жұмысы ұйымдастырылды.

Сенбілікке аудан әкімі Берік Сәрменбаев, аудандық мәслихат төр­аға­сы Ержан Әжікенов, облыстық мәс­лихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық мәслихат депутаттары Алмас Есназар, Ақтөре Ибрагимұлы, Болатбек Ұлтанбекұлы, мемлекеттік мекеме қыз­меткерлері, еріктілер және аудан тұрғындары белсене атсалыс­ты. Кент орталығындағы «Тағзым» алаңында жаңа көшеттер бой көтеріп, күтімге алынды. Осы күні кент және ауылдық округ­терде көркейту-көгал­дандыру жә­­не санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері қатысып, көшелер, саябақтар мен қоғамдық орындарда талдарды балақтау, шөптерді шабу жұмыстары жүргізілді.


Айту керек, жалпы экологиялық акция­ға өңірден 20 мыңға жуық адам қатысты. Еріктілер, экобелсенділер, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, кәсіп­орындар мен мекеме қызметкерлері белсенділік танытты. Нәтижесінде облыс аумағына 13 мың түп тал егілді.


Б.ЖАНӘЛІ
14 қазан 2025 ж. 324 0