Нақты тапсырмалар жүктелді

Ауданда «Отбасы цифрлық картасы» бойынша 1433 адам сақтандырылмаған. Бұл аудандағы халық тіркеліміндегі сақтандырылмаған азаматардың 4,2 пайызын құрайды. Осыған байланысты аудан басшысы аудандық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Ж.Жұмабаеваға кент және ауыл әкімдерімен бірлесіп, тұрғындарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерінің тұрақты төленуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу керектігін атап өтті.
Аудан әкімі күн тәртібіндегі екінші мәселеге де тоқталып, көлеңкелі экономика еліміздің тұрақты дамуына кері әсерін тигізетінін атап, салық төлеуден жалтару тәуекелі жоғары кәсіпкерлік субъектілерімен жұмыс жасау керектігін ескертті. Экономиканың барлық саласында көлеңкелі экономика салдарын алдын алу және жою бойынша жұмыстарды күшейтуді шараларын қабылдау керектігін тапсырды.
Мәжіліс барысында қосымша егінді төкпей-шашпай жинап алу, жылу маусымына дайындық мәселелері де қаралып, бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі