«Болашақ» түлегі ауылда оқушыларды жаңаша оқытып жүр

— Ұстаздық жолды таңдауыңызға не түрткі болды?
— Осы салаға бет бұруыма әсер еткен адам — анам. Ол Шайжүнісов атындағы мектепте талай жыл бойы ұстаздық етіп, білім саласының қайраткері атанған. Оның шәкірт тәрбиелеудегі табандылығы мен адалдығы маған бала кезімнен өнеге болды. Сонымен қатар өзімнің математикаға деген қызығушылығым мектептен бастап қалыптасты. Осы екі фактор мені педагогикаға жетеледі.
— «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында Мәскеудегі Ұлттық зерттеу университетінде білім алыпсыз. Сол жайлы айта кетсеңіз.
— Мәскеудегі Ұлттық зерттеу университетінде оқуға түскенім мен үшін үлкен мүмкіндік болды. Бұл университет әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында. Онда білім беру жүйесі заманауи талаптарға сай, әсіресе математикаға басымдық береді. Университет қабырғасында жинаған тәжірибем мен алған білімім мені кәсіби тұрғыда шыңдап, көкжиегімді кеңейтті.
— Мәскеудің білім саласында сізге ерекше ұнағаны не болды?
— Онда байқалған басты ерекшелік — оқытуға деген жүйелі көзқарас. Мектептерде математикаға ерекше назар аударылады, әрі оқушылардың зерттеу жұмыстарына ерте араласуына мүмкіндік жасалған. Өзім екі жыл бойы № 1542 Мәскеу қалалық мектебінде жұмыс істеп үлгердім. Сол жерде педагогтар мен оқушылар арасындағы ашық диалог, тәжірибеге негізделген сабақтар ма
Фото: Нұрлан Құмаровтың жеке архивінен