Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Аймақ ардагерлері мәдениет және спорт нысандарын аралады

Аймақ ардагерлері мәдениет және спорт нысандарын аралады

Одан соң ардагерлер жаңа теннис орталығына барды. Заманауи үлгіде салынған спорт кешенінде халықаралық стандарттарға сай жабық және ашық корттар орналасқан. Мұнда балалар мен жастардың спортпен айналысуына барлық жағдай жасалған. Жаңа нысындардың көптеп салынуы қала келбетін ажарландыра түспек,- дейді қазыналарымыз.

Одан соң ардагерлер облыстық тарихи-өлкетану музейіне барды. Музейде олар аймақтың бай тарихы мен мәдени мұрасын таныстыратын жәдігерлерді тамашалады. Экспозиция залдарында сақталған көне артефактілер, этнографиялық бұйымдар мен құнды құжаттар ардагерлердің ерекше қызығушылығын тудырды.

Ардагерлердің келесі нысаны - музыкалық колледж болды. Олар оқу орнының жаңа мүмкіндіктерімен, заманауи жабдықталған аудиторияларымен және шығармашылық залдарымен танысты. Аға буын өкілдері жас музыканттарға, жалпы өнерге жасаған қамқорлықты жоғары бағалап, осындай білім ордасы өңірдің мәдени дамуына зор үлес қосатынын атап өтті.

01 қазан 2025 ж. 195 0