Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталды

Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталды

Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталды, ол 1 қарашаға дейін жалғасады. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы хабарлады.

Осы кезеңде әр азамат өз елдімекені шегінде емхананы таңдауға немесе ауыстыруға құқылы. Өтінішті келесі жолдармен беруге болады:
eGov.kz порталы арқылы (онлайн, 1 жұмыс күні ішінде қаралады);
таңдалған емханада жеке өтініш беру арқылы.

Маңызды: бұрынғы емханадан шығу автоматты түрде жүзеге асырылады. Егер емхананы ауыстыруды жоспарламасаңыз, қайта өтініш берудің қажеті жоқ.
Жаңа емхана медициналық көмекті келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап көрсетеді (Қормен келісімшарт болған жағдайда).

Ұсыныстар:
Барлық отбасы мүшелерін бір дәрігерге тіркеу сапалы бақылауды қамтамасыз етеді.
Үйде медициналық көмек көрсетілу үшін емхананы тұрғылықты жерге жақын (жаяу 15–20 минут) таңдаған жөн.
Бекітуден бас тарту себептері:
өтініштегі дұрыс емес деректер;
басқа елдімекенде тұру;
емханада тіркелгендер санының шектен асуы;
баланы тіркеуге қажетті құжаттардың болмауы.

Емхананы науқаннан тыс та ауыстыруға болады: жылына бір рет еркін таңдау құқығымен, сондай-ақ тұрғылықты жерін, жұмысын, оқуын өзгерткенде немесе бұрынғы емхана жабылған жағдайда.

Фото: Н.Нұржаубай
02 қыркүйек 2025 ж. 239 0