Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Облыс әкімі Шиелідегі теміржол вокзалын күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты

Облыс әкімі Шиелідегі теміржол вокзалын күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев және жауапты сала басшыларымен бірге Шиелідегі теміржол вокзалын күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Шиелі теміржол вокзалы да - 1904 жылы салынған тарихи нысан, күрделі жөндеу жұмыстары 2012 жылы жасалған. Бүгінде 13 жұп пойызына, тәулігіне 163 жолаушыға қызмет көрсетеді.

Өткен жылы Шиелі ауданы әкімдігі жолаушылар платформасының кіреберісіне қақпа салып, бұрынғы су мұнарасын жөндеді, 8 жарықшам, 10 орындық, 10 қоқыс жәшігі қойылды. Жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Мердігер мекеме «Дәнекер» ЖШС ғимараттың ішкі және қасбетін қаптау жұмыстарын қолға алған.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

27 тамыз 2025 ж. 416 0