Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрылысы ұзаққа созылған нысандар мәселесі толық шешілді

Құрылысы ұзаққа созылған нысандар мәселесі толық шешілді

Сыр өңірінде жылдар бойы аяқталмай келген әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес қолға алынған нақты шаралар нәтижесінде бүгінде басқарма тапсырысындағы «сақалды» құрылыс нысандары толығымен жойылды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында басқарма басшысы Ерлан Төрәлиев мәлімдеді.

- Бұған дейін өңірде құрылысы ұзаққа созылған, әлеуметтік маңызы жоғары 5 нысан болған еді. Облыс әкімінің нақты тапсырмасына сәйкес, бұл мәселе күн тәртібінен түспей, ерекше бақылауға алынды. Нәтижесінде басқарманың тікелей тапсырысындағы барлық «сақалды» құрылыс жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға қабылданды. Бүгінгі таңда басқарма тарапынан құрылысы ұзаққа созылып келе жатқан бірде-бір нысан жоқ. Бұл - саладағы жүйелі жоспарлау мен нақты бақылаудың нәтижесі. Әлеуметтік маңызды жобалардың уақытылы іске асырылуы тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды қадам, - деді Ерлан Кәрімбекұлы.

11 шілде 2025 ж. 40 0