Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтауы

Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтауы

Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінгі мереке Құрманғазы, Дина, Тәттімбет сияқты дәулескер күйшілерімізден мирас болып қалған ұлттық қазынамызды, Сыр сүлейлерінің тағылымға толы мол мұрасын ұлықтайтын ерекше күн.

Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Көне дәуірден жеткен бұл аспап халқымыздың болмыс-бітімін,
салт-дәстүрі мен мәдениетін айшықтайды. Рухымызды көтеріп, мерейімізді өсірген домбыра асыл мұрамызға, ұлттың символына айналды. Біз оны жан-жақты дәріптей береміз», деп мерекенің маңыздылығын айшықтады.

Домбыра – дана халқымыздың рухани болмысы, ұлтымыздың бойтұмары, сарқылмас мұрамыз. Халқымыз жан сарайының көңіл күйі мен асыл арманын, көзқарасын домбыраның қос ішегінен төгілген күй, ән, жыр арқылы жеткізген.

Бүгінде ата-бабамыздың аманатын ардақтап, баға жетпес құнды аспапты қадір тұту – бәріміздің қасиетті борышымыз.
Домбыраның қасиетті үні дархан даламызда мәңгі шарықтап, әр шаңырақтың төрінде болғай!

Еліміздің мерейі тасып, абыройы асқақтай берсін!

06 шілде 2025 ж. 411 0