Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Жерлестеріміз академия түлегі

Жерлестеріміз академия түлегі

Астана қаласындағы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы – сапалы кадр даяр­лайтын бірегей оқу орны саналады. Білім ордасы өз түлектерін заманауи және халықаралық тәжірибелерді енгізіп, цифрландыру мен жоба платформаларын дамытып, мемлекеттік қызметшілерді қаржылық және академиялық қолдаумен қамтамасыз етеді. Сырдария ауданынан өткен жылы 2 мемлекеттік қызметкер грант жеңіп алып, 1 жыл бойы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім алды.

Биыл үздік дәрежеде ака­демия­ны бітірген жерлестеріміз Сәуле Сыздықова мен Ербол Булебаев мемлекеттік қызмет басқару ісінде үлкен тәжірибе жинақтады. Дипломды қолға алған сала мамандары аудан дамуына үлес қосу үшін туған жерге атбасын бұрды. Өз кезегінде Сәуле Сыздықова – аудандық қоғамдық даму бөлімінің бас маманы қызметін жалғастыратын болса, Ербол Булебаев – ау­дандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бө­лімі басшысының орынбасары атанды.

Оқу үдерісінде жерлес­теріміз елімізде және шетелде тағы­лымдамадан өткен. Сәуле Сыз­дықова мен Ербол Булебаев еліміздің түкпір-түкпірінен келген 26 студенттің қатарында болды.

– Біз Дубай қаласында 1 апталық тәжірибеден өттік. Мұнда Мохаммед бин Рашид атындағы мемлекеттік басқару мектебінде тәлім алдық. Сабақ барысында Дубай қаласының инфрақұрылымы, инновациялық технология­лар мен жасанды интеллект саласында жүргізіліп жатқан бірқатар жобасымен таныстық. Бір жылдық «Өңірлік даму» магистратура білім беру бағдарламасы негізінде мемлекеттік басқару құралдары, өңірлердің тұрақты дамуына қол жеткізу мақсатында тиімді басқарушы үшін шешімдер қабылдау, бизнес-процестерді оңтайландыру, негізі әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерді болжамдау, статистиканы пайдалана отырып сараптама жасау әдіс-тәсілін меңгердік. Елордада білім алу арқылы министрліктердің жұмыс тәжі­рибесіне қанықтық. Жоба қор­ғап, мамандығымыз бойынша жүргізілетін қызметтік міндетті саралай алдық, – дейді Сәуле Сыздықова.

                        

Беделі биік мемлекеттік қыз­мет­ саласының өзіндік қиын­дығы бар. Үнемі ізденісте жүре­тін сала мамандары кәсіби білік­тілікті шыңдай түсті. Әр өңірден келген түлекпен бір тол­қында болып, оқуды барынша игеруді тырысты.

– Өз басым «Бизнес және басқару магистрі» дәрежесін ал­ғаныма қуаныштымын. Мұн­дай мүм­кіндік көп жастарға беріле бермейді. Академия қа­быр­ғасында оқып жүр­гені­мізде республикалық дең­гей­дегі мәселені шешу жолын қарастырдық. Сапалы білімді сарқып алғанымызға ризамыз. Бізді талай жыл осы салада қажырлы еңбегімен та­нылған ұстаздар оқытты. ҚР Президентінің жанындағы Мем­лекеттік басқару академия­сы – озық тәжірибе алаңы. Мүмкіндік пен іскерліктің ордасы. Алдағы уақытта Сәуле Сыздықова екеуміз аудан әлеуетін кө­те­руде ұстаздар берген білімді пайдалануға тырысамыз, – дейді Ербол Булебаев.

Астананың туған күні қарсаңында жерлестеріміздің жоғарғы жетістігін оқырман қауымға сүйіншілеп жеткізіп отырмыз.


Балтабай ОРДАБЕКОВ

05 шілде 2025 ж. 282 0