Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық қабылдау өткізді

Қоғамдық қабылдау өткізді

Сырдария аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Каскиев Руслан Жанайдарұлы қоғамдық қабылдау өткізіп, ауыл тұрғындарының өтініштерін тыңдады.

Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан тұрғын үй, ауыл ішілік жол, жаяу жүргіншілер жолы, спорт алаңын жөндеу және аяқ су мәселесі туралы мәселелер мен ұсыныстар айтылды.

Барлық мәселелер назарға алынып, алдағы уақытта шешу жолдары бойынша жұмыстар атқарылатыны айтылды. Сырдария аудандық мәслихатының депутаты Руслан Жанайдарұлы алдағы уақытта да ауыл тұрғындарына арналған қабылдаулар өткізетінін жеткізді.

26 маусым 2025 ж. 516 0