Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Таза Қазақстан» сенбілігіне үлес қосты

«Таза Қазақстан» сенбілігіне үлес қосты

Өңірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында сенбілік өтті.

Оған барша мекемелер мен ұйымдардың өкілдері атсалысуда. Осыған орай Қызылорда облысы ТЖД және оған қарасты бөлімшелер, ТЖМ “Апаттар медицинасы орталығының” өңірлік филиалының ұжымы да аталмыш сенбілікке белсене қатысты.

Атап айтқанда бөлінген аумақта - яғни М. Саламатов көшесінің бойында тазалық жұмыстарын жасады, өрт сөндірушілер аялдамасын жуып, маңын қоқыстан тазалады. Бекітілген көше аумағын қоқыстан және қураған шөптен тазартты.

Қызылорда облысы ТЖД

09 маусым 2025 ж. 219 0