Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

№38 газет

24 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Астана халықаралық форумында мемлекет басшысы маңызды мәселелерге тоқталды

Астана халықаралық форумында мемлекет басшысы маңызды мәселелерге тоқталды

Елордада Астана халықаралық форумының пленарлық отырысы басталды. Форумға шетел үкімет басшылары, халықаралық ұйым өкілдері, бизнес пен академиялық орта сарапшылары қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде елде жүргізіліп жатқан реформалар мен саяси жүйенің жаңғыруына ерекше назар аударды. Ол өз сөзінде кейінгі жылдары елімізде ауқымды экономикалық және институциялық реформалардың жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Президент форум барысында саяси реформалар мен президент мандаты туралы да тақырыптарға да тоқталды.

«Біз суперпрезиденттік жүйеден бас тартып, “Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет” қағидатына негізделген жаңа модельге көштік. Бұл – саяси тұрақтылық пен демократиялық даму жолындағы маңызды қадам. Президент өкілеттілігі бір реттік 7 жылдық мерзіммен шектелді. Бұл – бұрын-соңды болмаған шешім. Менің ойымша, бұл қадам саяси жүйемізді нығайтып, өркениетті қоғам қалыптастыруға жол ашады», – деді Мемлекет басшысы.

Фото: Ашық дереккөзден

30 мамыр 2025 ж. 290 0