Өңірде өрттің алдын алу шаралары күшейтілді

– Өрт оқиғаларының басты себептерінің бірі адамдардың немқұрайлы қарауынан туындап жатады. Нақтырақ айтқанда, қоқыстарды өртеу кезінде бақылаусыз қалдыруынан, ақаулы тұрмыстық электр жабдықтарын қолдануынан, автокөліктерге уақытылы күтім жасамауынан, тұрмыстық газ қондырғыларының және газ баллондардың ақаулығынан, балалардың оттықпен ойнауы себептерінен пайда болуда. Осы себепті департамент тарапынан халық арасында күнделікті профилактикалық шаралар мен әртүрлі акциялар, рейдтер мен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек өрттің алдын алу және жою алгоритмдер мен іс-қимыл жоспарлары бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Жыл басынан бері мобильді топтармен 134 рет рейдтік шара жүргізілді. Шара барысында әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 336,367,410-баптарына сәйкес 35 тұлғаға 1 553 410 теңге айыппұл салынды. Облыс аумағындағы өрт қаупті кезеңі тұрақты бақылауда,- деді Асхат Плалұлы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі