Қызылордада «Үздік шекарашы – мерген» республикалық турнирі басталды

– Бұл турнир шекара қызметі бойынша биыл алғаш рет өткізіліп отыр. Жарыстың басты мақсаты – шекарашы жауынгерлердің кәсіби шеберлігін шыңдап, атыс мергендігін арттыру. Әр өңірден жиналған 15 қатысушы өз араларында біліктіліктері мен ептіліктерін салыстырып, жеңімпазды анықтайтын болады. Сайысқа әділ төрелік ету үшін арнайы бас төреші ретінде Шекара қызметінің Орталық аппаратынан подполковник Олег Малахов келіп отыр, - деді Серік Есенжолұлы.
– Сайыс бес кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде қатысушылар 10 шақырым қашықтыққа жүгіріп, төзімділік пен физикалық даярлығын көрсетсе, қалған кезеңдер арнайы атыс алаңында өтеді. Мұнда олар Драгунов мылтығынан нысанаға дәл тигізу арқылы мергендігін сынайды. Турнирдің барлық кезеңдері нақты жауынгерлік жағдайға жақын форматта өтеді. Осыған дейін бұл сайыс жыл сайын ҚР ҰҚК Орталық аппаратының жоспарына сәйкес өткізіледі. Биыл алғаш рет бұл абыройлы миссияны Қызылорда облысы бойынша департамент өз қолына алды, - деді департаменттің жауынгерлік даярлық бөлімінің консультанты, подполковник Ерболат Тоқтасынұлы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі