Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » МФБК-ға медициналық қызметтердің сапасын бақылау үшін қадағалау функциясы беріледі

МФБК-ға медициналық қызметтердің сапасын бақылау үшін қадағалау функциясы беріледі

Парламент Мәжілісінде мақұлданған МӘМС-ті жетілдіру мәселелері жөніндегі заң жобасының шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне (МФБК) медициналық қызмет көрсету саласында қадағалау функциясын беру нормасын енгізу ұсынылды. Бұл өрескел бұзушылықтар мен заңсыз медициналық қызметке жедел әрекет етуге, ұзақ келісімдер мен сотқа жүгінбей-ақ шара қабылдауға мүмкіндік береді.

Бүгінде Комитет мемлекеттік бақылау шеңберінде тиісті лицензиясыз, медициналық көмек көрсету стандарттары мен қағидаларын өрескел бұза отырып жүзеге асырылатын заңсыз медициналық қызметтерді анықтайды.
Тек 2024 жылы ғана 2 214 жоспардан тыс тексеру нәтижесінде 1 832 әкімшілік хаттама, оның ішінде 884-і — лицензиясыз қызмет көрсеткені үшін, 817-сі — стандарттарды өрескел бұзғаны үшін толтырылған.

Қолданыстағы заңнама денсаулық сақтау саласында жедел әрекет ету шараларын көздемейді, бұл өзге бақыланатын салалардан (ветеринария, сауда теңіз флоты, өсімдіктер карантині және т.б.) ерекшеленеді.

Комитетті қадағалау өкілеттіктерімен қамтамасыз ету бастамасы заң бұзушылықтарға дер кезінде әрекет етуге, медициналық көмек көрсету кезіндегі қауіпсіздік шараларын күшейтуге, пациенттердің құқығын қорғауға және денсаулық сақтау саласындағы бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

21 мамыр 2025

УАҚЫТША ҚИЫНДЫҚТАР ТУЫНДАҒАН ЖАҒДАЙДА МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ МӘРТЕБЕНІ 6 АЙҒА ДЕЙІН САҚТАУҒА БОЛАДЫ
21 мамыр 2025

ҚАЗАҚСТАНДА КЕРАТОПЛАСТИКА ЖАСАУ ҮШІН ОФТАЛЬМОЛОГИЯЛЫҚ КЛИНИКАЛАР БАЗАСЫ КЕҢЕЙТІЛЕДІ
21 мамыр 2025

ПАРЛАМЕНТТЕ МӘМС ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
20 мамыр 2025

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕКТЕП МЕДИЦИНАСЫ МЕН БАЛАЛАР ЛАГЕРЛЕРІН БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТЕДІ
20 мамыр 2025

МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗ «САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН»: 90 МЫҢНАН АСТАМ ШАЛҒАЙ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ ТЕГІН КӨМЕК АЛАДЫ
22 мамыр 2025 ж. 95 0