Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің төртінші кезеңі басталды

– Бұл жолғы іріктеудің басты ерекшелігі – әрбір кезеңде салалық бағыттар бойынша пропорционалды түрде іріктеу жүргізіледі. Яғни, әр бағыт бойынша үміткерлер саны теңестіріліп, арнайы квоталар қарастырылады. Кандидаттарға қойылатын жалпы талаптар өзгеріссіз қалды. Нақтырақ айтқанда, үміткерлер қазақ тілін біліуі керек, жасы 35-тен аспауы тиіс, жоғары білімі және кемінде 5 жыл еңбек өтілі болуы міндеттеледі. Іріктеуге саяси тұлғалар мен «А» корпусындағы мемлекеттік қызметшілер, қазіргі резерв құрамындағы азаматтар қатыса алмайды. Конкурс 6 кезеңнен тұрады және маусым-қазан айларында өткізіледі. Кандидаттардың құжаттарын қабылдау 1 маусымнан бастап бір ай уақыт аралығында арнайы ақпараттық жүйеде онлайн режимде жүзеге асырылады. Екінші кезеңде мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті бағаланса, үшінші кезеңде онлайн режимде эссе жазу форматында өтеді. Одан кейінгі кезең ассессмент-орталық және құзіреттер бойынша сұхбат деген екі блоктан тұрады. Әңгімелесу кезеңін 8-15 қазан аралығында өткізуді жоспарлап отырмыз. Резервке үздік 50 кандидатты қабылдау үшін Ұлттық комиссияның отырысын 25 қазанға дейін өткізіп, сол айдың соңында шешім шығаратын боламыз,- деді Ерлеген Жәрдемұлы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі