Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялық мониторинг жұмыстары жүргізілді

Партиялық мониторинг жұмыстары жүргізілді

Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жұмабек Әшімұлы бастаған депутаттар «Сыр суы» мекемесінде болып, мекеме жұмысымен, материалдық-техникалық базамен танысып, ұжым қызметкерлерімен пікірлесті.

Партиялық мониториг жұмысына «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, аудандық мәслихат депутаты Болатбек Ұлтанбекұлы, бастауыш партия ұйымының мүшелері қатысты.

– Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету өте өзекті мәселе. Бұл бағытта ауданда нақты жұмыстар атқарылғанын білесіздер. Бірақ бүгінде су құбырларының тозығы жетіп, ақаулардың орын алу жиілігі артуда. Бұл мәселе өз кезегінде тұрғындардың сағаттап сусыз қалуына әсер етуде. Сондықтан «Сыр суы» мекемесі жұмыс бағытын өзгертіп, ақаулар орын алған жағдайда тез қалпына келтіріп, шұғыл әрекет етуі керек деп есептейміз. Ал материалдық-техникалық базаның ескіруіне, су құбырларының тозуына арнайы терең зерделеу жүргізіп, «Сырдария ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы» өндірістік бөлімшесі тарапынан тиісті басқармаларға, мемлекеттік органдарға ұсыныс енгізгеніміз жөн. Өйткені, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету – ортақ міндет. Бұл іске сала ардагерлерін, сарапшыларды қатыстырған орынды, – деді Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жұмабек Әшімұлы.

Өз кезегінде «Сырдария ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы» өндірістік бөлімшесінің басшысы Бауыржан Жамамұратов мекеме жұмысымен, материалдық-техникалық базамен таныстырып, ақпарат берді.

– Тереңөзек кенті мен 13 елді мекендегі халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін «Сырдария ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы» өндірістік бөлімшесі аянбай қызмет жасап келеді. Өндірістік бөлімшеде 19 су кешені бар. Онда 33 ұңғыма, 16 су жинайтын қойма (резервуар), 19 су мұнарасы, 204 өрт гидранты бар, ауыз су тарату құбырының ұзындығы 238 317 метрді құрайды. Сырдария ауданы бойынша 33 дана ұңғыма насостары мен 8 дана ІІ-су көтеру насос станциялары жұмыс істейду. Аудан бойынша ауыз суды тұтыну әр ай сайын су есептегіш құралдарының көрсеткіштері журналға тіркеліп, облыстық филиалға ұсынылуда. Өндірістік бөлімшеге қарасты барлық насос станцияларында хлоратор қондырғысы орнатылған, аудан бойынша су қоймасы мен су мұнаралары арқылы халыққа ауыз су 24 сағат бойы беріліп отыр. Тереңөзек кенті мен 13 елді мекендердегі ауыз су қоймалары, ауыз су мұнаралары мен ауыз су құбырларына көктем және күз айларында жылына 2 рет тазалау, жуу, дезинфекциялау, залалсыздандыру және кварталдық сынамалар алынып, ауыз су сапасының санитарлық-химиялық және бактериологиялық сараптама алу жұмыстарын жүргізілуде. 2024 жылы жаңадан 54 абонент қосылып, 125 абонентке су есептегіш құралы орнатылған, 291 абоненттің су есептегіш құралы ауыстырылды, – деді Сырдария ауда¬нының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы» өндірістік бөлімшесінің басшысы Бауыржан Жұмамұратов.

– Былтыр өздеріңіздің аудан әкімдігіне жасаған ұсыныстарыңызбен жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, 4 дана ауыз су мұнарасы, 4 дана лсв насостары алынды. Аманкелді, Қоғалыкөл, Нағи Ілиясов, Шіркейлі елді мекендеріне жаңадан 25 кубтық ауыз су мұнаралары аудандық бюджет қаржысына алынып, монтаж, демонтаж жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда іске қосылды. Аудандық бюджеттен жаңадан алынған 4 дана ЭЦВ насос Бесарық, Сейфуллин, Шаған, Тереңөзек НС-1, ұңғымаларына салынды. Іңкәрдария елді мекенінде жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, жаңадан ұңғыма (скважина) бұрғыланып, іске қосылды. Алдағы уақытта Тереңөзек кенті мен Шаған, Қоғалыкөл елді мекендерінде жергілікті бюджеттен жаңа ұңғыма қазу жұмыстары жүргізу жұмыстары нақтыланатын болады. Мұның бәрі мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар. Бұл жұмысқа қолдау білдіру «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының да басты назарында, – деді «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы.

Партиялық мониториг барысында депутаттар мекеме қызметкерлерімен де пікірлесіп, техникаларды көрді. Ұсыныс-пікірлерін тыңдап, халықты таза ауыз сумен қамту бағытында бірлесе атқарылатын жұмыстардың жоспарын нақтылады.

02 мамыр 2025 ж. 141 0