Фаст фуд пен жасөспірімдер: дәмді, бірақ зиянды ма?

Достармен кездесу орны: Салам бро, KFC немесе жергілікті бургерханалар – заманауи «бас қосу алаңы». Дәмі мен визуалды тартымдылығы: әдемі қаптама, жарнамалар, түрлі-түсті сусындар – бәрі тартымды.
Фаст фуд – жоғары калориялы, майлы, тұзы мен қант мөлшері көп өнім. Аптасына бірнеше рет тұтыну келесі мәселелерге әкелуі мүмкін. Салмақ қосылуы шартты құбылыс, артық калория мен қозғалыстың аздығы семіздікке әкеледі. Асқорыту жүйесінің бұзылуына келер болсақ үнемі қуырылған тағам жеу асқазанға салмақ түсіреді. Тәтті мен тұзды дәмге үйреніп кету, табиғи тағамдардан қызықсыз болып көрінуі мүмкін. Қант мөлшері көп тағамдар уақытша қуат береді, бірақ кейін шаршауды күшейтеді.
Жасөспірімнің бәріне тыйым салу – нәтиже бермейді. Оның орнына балама жол ұсыну керек. Үйде «фаст фуд стиліндегі» пайдалы тағам жасау арқылы тауық етінен бургер, пеште пісірілген картоп, йогуртты соус. Сусын таңдауда газдалған тәтті сусын орнына су, компот немесе көк шай ішу.
Фаст фуд – заман талабы, бірақ денсаулық та – болашақ кепілі. Жасөспірімдер үшін басты мақсат – таңдау еркіндігі мен жауапкершілікті қатар дамыту. Аптасына бір-екі рет фаст фуд жеу – үлкен қауіп төндірмейді, бірақ күнделікті дағдыға айналса, ағзаға зиян келуі мүмкін.
Нұрбекқызы Алтынай
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 4 курс студенті
Фото: Ашық дереккөзден
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 4 курс студенті
Фото: Ашық дереккөзден