Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланды

Жалпы ауданы 3300 шаршы метрлік ғимарат құрылысына жауапты бас мердігер «РиА Сервис ЛТД», техникалық қадағалаушы «Құрылыс контроль» серіктестіктері нысанды қыркүйек айында пайдалануға беруді жоспарлаған.
Мұнда тұрғындар дене шынықтырып, спорт резерві даярланады және жоғары білікті спортшылардың оқу-жаттығу процесі ұйымдастырылады. Кешеннің басты ерекшелігі – мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасалатындығында.
Жобаның мақсаты – тек дене шынықтыру мен сауықтыру ғана емес, тұрғындар, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де қолжетімді әрі инклюзивті орта қалыптастыру.
@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото:Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі