Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қылмыссыз өңір - кемел келешек кепілі» жобасы аясында кездесу ұйымдастырылды

«Қылмыссыз өңір - кемел келешек кепілі» жобасы аясында кездесу ұйымдастырылды

Сырдария аудандық прокуратурасының бастамасымен 02.04.2025ж. Жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен бірлесіп кәсіпкерлермен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында облыс прокуроры Ризабек Кәрімұлы Ожаровтың төрағалығымен құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесі өткізіліп, қорытындысымен «Қылмыссыз өңір – кемел келешек кепілі» жобасы бекітілгенін жеткізді.

Аталған жоба облыс көлемінде халық арасында құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруды, ішімдік ішіп құқық бұзушылық жасаудың санын төмендетуді, жыл қорытындысымен өңірде қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасау деректерін төмендетуді көздейді.

Сонымен қатар кездесу барысында Жоба аясында атқарылатын жұмыстарға тоқталып, нақты ұсыныстарын жеткізді.

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ

10 сәуір 2025 ж. 148 0