Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Аудан аумағында конго-қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу жұмыстары бойынша арнайы мәжіліс өтті

Аудан аумағында конго-қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу жұмыстары бойынша арнайы мәжіліс өтті

Ауданы әкімінің орынбасары Димаш Байдушевтың төрағалығымен аудан аумағында конго-қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мақсатында жүргізілетін кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру бойынша тиісті сала мамандарымен арнайы мәжіліс өткізілді.

Мәжіліске Тереңөзек кенті және барлық ауылдық округ әкімдері ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде қатысты. Жиында залалсыздандыру жұмыстары бойынша бірқатар арнайы тапсырмалар берілді. Ағымдағы жылы барлығы 12 елді-мекенде залалсыздандыру жұмыстары 22 сәуірінде басталады.

Осыған орай, тұрғындардан залалсыздандыру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру үшін мал қораларына механикалық тазалық жұмыстарын жүргізуді сұраймыз!

@Сырдария Ауданының Әкімдігі


04 сәуір 2025 ж. 263 0